«Төмен тұрған құрамның әскери қызметшілерін, тиісті құрамның әскери міндеттілерін немесе азаматтық персонал адамдарын тиісті құрамның лауазымдарына тағайындау (оның ішінде уақытша) қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2016 жылғы 17 мамырдағы № 242 бұйрығы (күші жойылды)

Төмен тұрған құрамның әскери қызметшілерін, тиісті құрамның әскери міндеттілерін немесе азаматтық персонал адамдарын тиісті құрамның лауазымдарына тағайындау (оның ішінде уақытша) қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2016 жылғы 17 мамырдағы № 242 бұйрығы

 

ҚР Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 5 маусымдағы № 265 бұйрығымен күші жойылды

 

«Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабы 4-тармағының, Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 25 мамырдағы № 124 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру қағидалары 50-тармағының талаптарына сәйкес офицерлер құрамының лауазымдарын сапалы жасақтауды қамтамасыз ету, әскери қызметшілердің қызметте өсуін ынталандыру және офицерлер корпусының мәртебесі мен беделін арттыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Төмен тұрған құрамның әскери қызметшілерін, тиісті құрамның әскери міндеттілерін немесе азаматтық персонал адамдарын тиісті құрамның лауазымдарына тағайындау (оның ішінде уақытша) қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Кадрлар департаментінің бастығы:

1) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеу үшін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жолдасын;

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның баспа және электрондық түрдегі көшірмелерін ресми жариялауға мерзімді баспасөз басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жолдасын;

3) ресми жарияланғаннан кейін бұйрықты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастырсын;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.