Сұрыптарды сынақтан өткізу саласындағы мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 28 қазандағы № 4-2/956 бұйрығы
(2015.31.12. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2022 жылғы 17 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 70-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Сұрыптарды сынақтан өткізу саласындағы мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интернет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі |
А. Мамытбеков |
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Б.Сұлтанов
2015 жылғы 29 қазан
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 28 қазандағы
№ 4-2/956 бұйрығымен
бекітілген