«Шаруашылық және өзге қызметтерге экологиялық нормативтер мен экологиялық талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика Министрінің 2014 жылғы 13 қазандағы № 57 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 6 қаңтардағы № 2 бұйрығы (күші жойылды)

«Шаруашылық және өзге қызметтерге экологиялық нормативтер мен экологиялық талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика Министрінің 2014 жылғы 13 қазандағы № 57 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 6 қаңтардағы № 2 бұйрығы

 

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2023 жылғы 27 сәуірдегі № 135 бұйрығымен күші жойылды

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Шаруашылық және өзге қызметтерге экологиялық нормативтер мен экологиялық талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика Министрінің 2014 жылғы 13 қазандағы № 57 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9805 болып тіркелген, 2014 жылғы 6 қарашада «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

 «Шаруашылық және өзге де қызмет бойынша экологиялық нормативтер мен экологиялық талаптарды бекіту туралы»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

 «1. Шаруашылық және өзге қызметтерге:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Щучинск-Бурабай курорттық аймағының объектілерінде мәдени-тұрмыстық су пайдалануға және табиғи су айдындарын сақтау және қалпына келтіру мақсатында оларды тазалау жұмыстарына байланысты;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес қалдықтарды жерасты көмуге байланысты экологиялық нормативтер мен экологиялық талаптар бекітілсін.»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Шаруашылық және өзге қызметтерге экологиялық нормативтер мен экологиялық талаптар осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес 2-қосымшамен толықтырылсын.

2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Қалдықтарды басқару департаменті:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.