Шаруашылық және өзге де қызмет бойынша экологиялық нормативтер мен экологиялық талаптарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 13 қазандағы № 57 бұйрығы
(2017.14.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2023 жылғы 27 сәуірдегі № 135 бұйрығымен күші жойылды
ҚР Энергетика министрінің 2016.06.01. № 2 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда(бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 17-бабы 5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Энергетика министрінің 2016.06.01. № 2 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда(бұр.ред.қара)
1. Шаруашылық және өзге қызметтерге:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Щучинск-Бурабай курорттық аймағының объектілерінде мәдени-тұрмыстық су пайдалануға және табиғи су айдындарын сақтау және қалпына келтіру мақсатында оларды тазалау жұмыстарына байланысты;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес қалдықтарды жерасты көмуге байланысты экологиялық нормативтер мен экологиялық талаптар бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Қалдықтарды басқару департаменті (Шаханов Б.М.):
1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркеуден өтуін;
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде оның мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықты ресми жариялауға және «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйеге жіберуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.
3) Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігінің жетекшілік ететін вице-министріне жүктелсін.
4) Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.