Алматы қаласы спортының басым түрлерінің тізбесін бекіту туралы
Алматы қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 28 желтоқсандағы № 4/574 Қаулысы
Алматы қаласы әкімдігінің 2026 жылғы 25 ақпандағы № 1/123 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шілдедегі «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңының 8-бабы 1-тармағының 20-5) тармақшасына сәйкес, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Алматы қаласы спортының басым түрлерінің тізбесі бекітілсін.
2. «Алматы қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, кейіннен мерзімді баспа басылымдарында, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және Алматы қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсында ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары А. Қырықбаевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Алматы қаласының әкімі | Б. Байбек |
2017 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 4/574 қаулысымен бекітілген
Алматы қаласы спортының басым түрлерінің
тізбесі
| Спорт түрлерінің атауы |