«Су объектісін ауыз сумен жабдықтау көздеріне жатқызу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 қарашадағы № 739 бұйрығы (күші жойылды)

Су объектісін ауыз сумен жабдықтау көздеріне жатқызу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 қарашадағы № 739 бұйрығы

 

ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2025 жылғы 30 шілдедегі № 73 бұйрығымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 90-бабы 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Су объектісін ауыз сумен жабдықтау көздеріне жатқызу қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберілуін;

3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Ұлттық экономика министрі

 

Е. Досаев

 

«КЕЛІСІЛГЕН»

Қазақстан Республикасының

Ауыл шаруашылығы министрі

А. Мамытбеков

2015 жылғы 7 желтоқсан

 

Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрінің

2015 жылғы 28 қарашадағы

№ 739 бұйрығымен

бекітілген

 

 

Су объектісін ауыз сумен жабдықтау көздеріне жатқызу

 қағидалары

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Су объектісін ауыз сумен жабдықтау көздеріне жатқызу қағидалары 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Су кодексінің 90-бабы 4-тармағына сәйкес әзірленді және су объектісін ауыз сумен жабдықтау көздеріне жатқызу тәртібін айқындайды.

2. Осы қағидаларда мынадай анықтамалар пайдаланылды:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.