Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сыртқы қарыздарды тартуын келісу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 28 қыркүйектегі № 601 Қаулысы
Осы редакция 2018 жылғы 17 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 199-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Квазимемлекеттік сектор субьектілерінің сыртқы қарыздарды тартуын келісу қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |
Үкіметінің
2017 жылғы 28 қыркүйектегі
№ 601 қаулысымен
бекітілген
Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сыртқы қарыздарды тартуын келісу
қағидалары