«Кедендік жете тексеруді және қарап-тексеруді жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 14 ақпандағы № 188 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2021 жылғы 23 шілдедегі № 713 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Кедендік жете тексеруді және қарап-тексеруді жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 14 ақпандағы № 188 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16464 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
««Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 412-бабының 2-тармағына және 413-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кедендік жете тексеруді және қарап-тексеруді жүргізу қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакция жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Рес публикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қаржы министрінің
міндетін атқарушы
2021 жылғы 23 шілдедегі
№ 713 бұйрыққа
қосымша
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 14 ақпандағы
№ 188 бұйрығымен
бекітілді
Кедендік жете тексеруді және қарап-тексеруді жүргізу
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер