(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «МИКРОКРЕДИТ БЕРУ ТУРАЛЫ ШАРТТЫҢ ТАЛАПТАРЫНА ӨЗГЕРІС...

Микрокредит беру туралы шарттың талаптарына өзгерістерді қарау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2021 жылғы 16 шілдедегі № 82 Қаулысы

(2024.01.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2025 жылғы 28 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Микроқаржылық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 9-2-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Микрокредит беру туралы шарттың талаптарына өзгерістерді қарау қағидалары бекітілсін.

2. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4. Осы қаулы ресми жариялануға тиіс және 2021 жылғы 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Қазақстан Республикасының

Қаржы нарығын реттеу және дамыту

агенттігі Басқармасының

2021 жылғы 16 шілдедегі

 № 82 қаулысымен бекітілді

 

 

Микрокредит беру туралы шарттың талаптарына өзгерістерді қарау

қағидалары

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.