(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «МЕМЛЕКЕТТІК КІТАПХАНАЛАРДЫҢ КІТАПХАНА ҚОРЫН ҚАЛЫПТА...

Мемлекеттік кітапханалардың кітапхана қорын қалыптастыру, сақтау және пайдалану қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің 2007 жылғы 25 мамырдағы № 152 бұйрығы

(2015.10.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2022 жылғы 19 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

ҚР Мәдениет министрінің м.а. 2010.26.10. № 120 Бұйрығымен тақырыбы өзгертілді (2010 жылғы 3 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); ҚР Мәдениет министрінің 2014.26.06. № 85 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің 2015.10.12. № 384 бұйрығымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) тақырыбы жаңа редакцияда

 

ҚР Мәдениет министрінің 2014.26.06. № 85 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің 2015.10.12. № 384 бұйрығымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) кіріспе жаңа редакцияда

Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы «Мәдениет туралы» заңының 7-бабының 35-6) тармақшасына сәйкес бұйырамын:

ҚР Мәдениет министрінің м.а. 2010.26.10. № 120 Бұйрығымен 1-тармақ өзгертілді (2010 жылғы 3 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); ҚР Мәдениет министрінің 2014.26.06. № 85 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Қоса беріліп отырған Кітапхана қорларын қалыптастыру, сақтау және пайдалану жөніндегі қағидалар бекітілсін.

 2. Тарихи-мәдени мұра департаменті белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін;

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін оны ресми жариялауды қамтамасыз етсін.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің 2015.10.12. № 384 бұйрығымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.