«Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласындағы инжинирингтік компанияның тұрғын үйдің (тұрғын ғимараттың) құрылысының барысын мониторингтеу нәтижелері туралы есебінің нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 28 шілдедегі № 339 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 29 тамыздағы № 617 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласындағы инжинирингтік компанияның тұрғын үйдің (тұрғын ғимараттың) құрылысының барысын мониторингтеу нәтижелері туралы есебінің нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 28 шілдедегі № 339 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркелу тiзiлiмiнде № 14189 болып тіркелген, 2016 жылғы 22 қыркүйекте «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласындағы инжинирингтік компанияның тұрғын үйдің (тұрғын ғимараттың) құрылысының барысын мониторингтеу нәтижелері туралы есебінің нысаны осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;