Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласындағы инжинирингтік компанияның көппәтерлі тұрғын үй немесе жеке тұрғын үйлер кешені құрылысының барысын мониторингілеу нәтижелері туралы есеп нысанын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 28 шілдедегі № 339 бұйрығы
(2025.04.10. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020.30.09. № 504 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025.16.09. № 368 бұйрығымен (2025 ж. 4 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) тақырыбы жаңа редакцияда
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025.16.09. № 368 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2025 ж. 4 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабының 3-тармағына, «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020.30.09. № 504 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025.16.09. № 368 бұйрығымен (2025 ж. 4 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Қоса беріліп отырған Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласындағы инжинирингтік компанияның көппәтерлі тұрғын үй немесе жеке тұрғын үйлер кешені құрылысының барысын мониторингтеу нәтижелері туралы есеп нысаны бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;