«Реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынудың үлгілік шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2025 жылғы 11 сәуірдегі № 59-НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің м.а. 2025 жылғы 26 желтоқсандағы № 334-НҚ бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынудың үлгілік шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2025 жылғы 11 сәуірдегі № 59-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35972 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес, каналдар арқылы су беру, суару үшін су беру реттеліп көрсетілетін қызметтерін ұсынуға арналған үлгілік шарты (ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлер үшін);
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес, тірек гидротехникалық құрылысжайларының көмегімен жерүсті ағынын реттеу бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтерін ұсынуға арналған үлгілік шарты;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес, каналдар арқылы су беру реттеліп көрсетілетін қызметтерін ұсынуға арналған үлгілік шарты (ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші болып табылмайтын тұтынушы үшін) бекітілсін.»;
көрсетілген бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларды осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес 3-қосымшамен толықтырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Тарифтік саясатты реттеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация вице-министріне жүктелсін.