Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2019 жылғы 11 қазандағы
№ 758 қаулысымен бекітілген
«Qyzyljar» арнайы экономикалық аймағы туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. «Qyzyljar» арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрі - «Qyzyljar» АЭА) Петропавл қаласының аумақтық шекарасы шегінде, осы Ережеге қосымшаға сәйкес шекараларда орналасқан.
«Qyzyljar» АЭА-ның аумағы Қазақстан Республикасы аумағының ажырамас бөлігі болып табылады және 192,3 гектарды құрайды.
2. «Qyzyljar» АЭА:
1) Петропавл қаласын қарқынды дамыту;
2) республика экономикасының әлемдік шаруашылық байланыстар жүйесіне кіруін жандандыру, тиімділігі жоғары, оның ішінде жоғары технологиялық және бәсекеге қабілетті өндірістер құру, өнімнің жаңа түрлерін шығаруды игеру, инвестициялар тарту, нарықтық қатынастардың құқықтық нормаларын жетілдіру, басқару мен шаруашылық жүргізудің қазіргі заманғы әдістерін енгізу, сондай-ақ әлеуметтік проблемаларды шешу үшін өңірді жедел дамыту мақсатында құрылады.
3. «Qyzyljar» АЭА аумағындағы қызмет түрлері:
1) тамақ өнімдерін өндіру және қайта өңдеу;
2) құрылыс материалдары мен жиһаз өндіру;
3) электроника өнімдерін және электр жабдықтарын өндіру;
4) машина жасау өнімдерін өндіру;
5) көпбейінді аурухана салу;
6) кең бейінді ауруханалар мен мамандандырылған ауруханалардың қызметі.
Для того, чтобы получить доступ к документу,
Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.