«Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 7 қарашадағы № 517 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2026 жылғы 2 сәуірдегі № 171 бұйрығы (қолданысқа енген жоқ)

«Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 7 қарашадағы № 517 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2026 жылғы 2 сәуірдегі № 171 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 7 қарашадағы № 517 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35344 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидаларының:

1-тармақта:

17) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«17) МҒТС қорытындысы - МҒТС объектісі бойынша бағалаудың әрбір өлшемшарты бойынша балдарды жинақтау негізінде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысанда ұйымдастырушының цифрлық жүйесінде қалыптастырылған қорытынды;»;

24) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«24) ұйымдастырушының автоматтандырылған цифрлық жүйесі (бұдан әрі - ұйымдастырушы АЦЖ) - ғылыми-техникалық сараптама объектілері мен субъектілерін тіркеуге, оларды өңдеуге және сақтауға, іздеуге, сараптамалық бағалау жүргізуге және ақпарат беруге мүмкіндік беретін бағдарламалық-техникалық құралдар кешені;»;

9-тармақтың бірінші бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.