«Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша шығыс нормаларын, оқуға және тағылымдамадан өтуге арналған үлгілік шарттарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 13 сәуірдегі № 163 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 2 маусымдағы № 257 бұйрығы
«Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 44-4) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 маусымдағы № 573 қаулысымен бекітілген «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу қағидаларын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша шығыс нормаларын, оқуға және тағылымдамадан өтуге арналған үлгілік шарттарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 13 сәуірдегі № 163 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7613 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2012 жылғы 29 мамырдағы № 274-278 (27352) санында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес магистр дәрежесін алу үшін оқуды ұйымдастыруға (өз бетімен түскендер және жалпы конкурс санаттары бойынша конкурсқа қатысқан адамдар үшін);»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Елдер бөлігінде «Болашақ» халықаралық стипендиясының көлемін анықтау үшін шығыс нормалары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Магистр дәрежесін алу үшін оқуды ұйымдастыруға (өз бетімен түскендер санаты бойынша конкурсқа қатысқан тұлғалар үшін) арналған үлгілік шартта:
атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«Магистр дәрежесін алу үшін оқуды ұйымдастыруға (өз бетімен түскендер немесе жалпы конкурс санаттары бойынша конкурсқа қатысқан адамдар үшін) арналған үлгілік шарт»;
2.3.7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: