Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016.29.04. № 146 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2019.13.08. № 207 Қаулысымен (бұр.ред.қара) мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті жаңа редакцияда
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің
2015 жылғы 4 тамыздағы
№ 200 қаулысымен бекітілген
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 20 сәуірдегі № 75 Қаулысымен күші жойылды
«Туберкулезге қарсы ұйымнан анықтама беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
(2019.13.08. берілген өзгерістермен)
1. «Туберкулезге қарсы ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11304 тіркелді) бекітілген «Туберкулезге қарсы ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі - Стандарт) сәйкес денсаулық сақтау ұйымдарымен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметті көрсетуге қажетті құжаттар тізбесі бар өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижелерін беру www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны - электрондық (толық автоматтандырылған).
3. Мемлекеттік қызметтің нәтижесі - Стандарттың 1-қосымшасындағы нысанға сәйкес диспансерлік есепте тұрғаны/тұрмағаны туралы электрондық құжат нысанындағы анықтама (бұдан әрі - Анықтама).
Анықтаманың әрекет ету мерзімі - күнтізбелік 10 күн.
4. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
5. Мемлекеттік қызметті көрсетудің мерзімі:
1) порталға құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап - 30 (отыз) минут;
2) құжаттарды тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты-15 (он бес) минут;