(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ИНТЕРНАТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫ ҚЫЗМЕТІНІҢ ҮЛГІЛІК Қ...

Осы редакция 2018 жылғы 12 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

ҚР Білім және ғылым министрінің 2017.13.02. № 60 бұйрығымен үлгілік қағидалары жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

2013 жылғы 17 қыркүйектегі

№ 375 бұйрығына 5-қосымша

 

 

Интернаттық білім беру ұйымдары қызметінің
үлгілік қағидалары
(2017.13.02. берілген өзгерістермен)

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы Интернаттық білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары (бұдан әрі - Үлгілік қағида) 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы»Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және жалпы орта білім алу барысында жатын орынды беру бойынша интернаттық білім беру ұйымдары қызметінің тәртібін анықтайды.

2. Интернаттық білім беру ұйымдарының түрлері:

әскери мектеп-интернат - жалпы орта білім алуды және тереңдетілген әскер қатарына шақыруға дейінгі және физикалық дайындығының қосымша білім беру бағдарламаларын, білім берудің кейінгі деңгейлерінде әскери-техникалық мамандықтар бойынша оқытуды жалғастыру мүмкіндігін қамтамасыз етеді;

жалпы білім беретін мектеп жанындағы интернат - тиісті білім беретін мектептері жоқ елді мекендерде тұратын оқушылардың жалпы орта білім алуын қамтамасыз етеді;

көп балалы және аз қамтамасыз етілген отбасылардың балаларына арналған мектеп-интернат - мемлекеттік жәрдемақы алатын отбасылардан шыққан балалардың, мемлекеттік әлеуметтік көмек алмайтын отбасылардан шыққан балалардың, өмір сүру, еңбек жағдайлары бойынша отбасыларға көмек беріле отырып, ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан балалардың орта білім алуын қамтамасыз етеді;

мектеп-интернат - аз тұрғыны бар елді мекендерде тұратын балалардың жалпы орта білім алуын қамтамасыз етеді;

санаториялық мектеп-интернат - белгіленген режимді сақтаумен қоса жалпы орта білім алуды, емдеуді, медициналық оңалту мен демалуды, емдеу-профилактикалық туберкулезға қарсы іс-шаралар өткізуді қамтамасыз етеді;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.