Мемлекеттік орман қорындағы орман көмкермеген жерлерді орман көмкерген жерлерге ауыстыру ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2010 жылғы 1 қыркүйектегі № 561 бұйрығы
(2015.25.12. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2022 жылғы 5 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Орман кодексінің 50-бабын іске асыру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік орман қорындағы орман көмкермеген жерлерді орман көмкерген жерлерге ауыстыру ережесі бекітілсін.
2. «Мемлекеттік орман қорындағы орман көмкермеген жерлерді орман көмкерген жерлерге ауыстыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті төрағасының 2005 жылғы 17 қаңтардағы № 12 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3431 тіркелген) бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Табиғат ресурстарын пайдалану стратегиясы департаменті (Ж. Ы. Омаров) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық бірінші рет ресми жарияланғаннан бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.