(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2009.02.10 № 1520 ҚАУЛЫСЫ

Республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының ішкі нарықта айналысқа жіберу үшін бағалы қағаздар шығару ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 2 қазандағы № 1520 Қаулысы

 

Осы редакция 2015 жылғы 12 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 212-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының ішкі нарықта айналысқа жіберу үшін бағалы қағаздар шығару ережесі бекітілсін.

2. «Республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының ішкі нарықта айналысқа жіберу үшін бағалы қағаздарды шығару ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 наурыздағы № 252 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 14, 133-құжат) күші жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулы кол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2009 жылғы 2 қазандағы

№ 1520 қаулысымен

бекітілген

 

Республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы

органының ішкі нарықта айналысқа жіберу үшін

бағалы қағаздар шығару ережесі

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының ішкі нарықта айналысқа жіберу үшін бағалы қағаздар шығару ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне және «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 2 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының аумағында республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік бағалы қағаздар шығару, орналастыру, айналысқа қосу, оларға қызмет көрсету және өтеу тәртібін анықтайды.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.