ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019.02.08. № 611 бұйрығымен алып тасталды
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 545 бұйрығына
2-қосымша
Теміржол көлігімен жүктерді тасымалдау
қағидалары
(2017.20.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1. Жалпы ережелер
1. Осы Теміржол көлігімен жүктерді тасымалдау қағидалар (бұдан әрі - Қағидалар) «Теміржол көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасында теміржол көлігімен жүктерді тасымалдауды ұйымдастыру тәртібі белгілейді.
2. Қазақстан Республикасы арқылы халықаралық және транзиттік қатынаста теміржол көлігімен жүк тасымалдау Қазақстан Республикасының заңнамасына және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес жүзеге асырылады.
3. Осы Қағидада көзделмеген жүктерді тиеу және бекітудің техникалық шарттары, сұйық жүктерді құйма түрінде, қауіпті жүктерді тасымалдау тәртібі мен шарттары Теміржол ынтымақтастығы ұйымының және Тәуелсіз Мемлекеттер Достығына (ТМД) қатысушы елдер мен Грузияның, Латвия Республикасының, Литва Республикасының және Эстония Республикасының теміржол көлігі жөніндегі кеңесінің шеңберінде қабылданған халықаралық келісімдерде (шарттарда) және Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын өзге де халықаралық келісімдерде (шарттарда) белгіленеді.
ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2017.20.07. № 487 бұйрығымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Осы Қағидада келесі ұғымдар пайдаланылады:
1) айналмалы маршрут - бір жөнелтуші біртекті жүк тиеген бір жөнелту станциясынан бір жүк алушының атына бір станцияға тағайындалған және жүк түсіргеннен кейін бос вагондар бастапқы станцияға жүз пайыз қайтарылатын бір теміржол көлігі жүк құжатымен (бұдан әрі - жүк құжаты) ресімделген;
2) вагондарды беру-алып кету - маневрлік локомотивпен вагондардың:
станциялық жолдардан - тиеу, түсіру (жүктен босату) орындарына, кірме жолдарға;