Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының деректерді өңдеу орталығы (сервері) бар меншікті үй-жайына қойылатын талаптарды белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2021 жылғы 18 қаңтардағы № 1 Қаулысы
ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2025 жылғы 28 тамыздағы № 42 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 26-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының меншікті үй-жайына (бұдан әрі - меншікті үй-жай) мынадай талаптар белгіленсін:
1) Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының меншікті үй-жайында деректерді өңдеу орталығы (сервер) орналастырылады;