«Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қаржы ұйымдарының қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу және кейбір нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2025 жылғы 28 тамыздағы № 42 Қаулысы

«Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қаржы ұйымдарының қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу және кейбір нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2025 жылғы 28 тамыздағы № 42 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қаржы ұйымдарының қызметін реттеу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі бекітілсін.

2. Мына:

1) «Автоматтандырылған банктік ақпараттық жүйеге орталықтандырылған қолжетімділігі бар банктердің меншікті үй-жайына қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 30 наурыздағы № 29 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20281 болып тіркелген);

2) «Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының деректерді өңдеу орталығы (сервері) бар меншікті үй-жайына қойылатын талаптарды белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2021 жылғы 18 қаңтардағы №1 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22136 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

3. Банктерді реттеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.