«Автоматтандырылған банктік ақпараттық жүйеге орталықтандырылған қолжетімділігі бар банктердің меншікті үй-жайына қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 30 наурыздағы № 29 Қаулысы (күші жойылды)

Автоматтандырылған банктік ақпараттық жүйеге орталықтандырылған қолжетімділігі бар банктердің меншікті үй-жайына қойылатын талаптарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 30 наурыздағы № 29 Қаулысы

 

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2025 жылғы 28 тамыздағы № 42 Қаулысымен күші жойылды

 

«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Атқарушы орган орналасқан елді мекендегі автоматтандырылған банктік ақпараттық жүйеге орталықтандырылған қолжетімділігі бар банктердің меншікті үй-жайына (бұдан әрі - меншікті үй-жай) мынадай талаптар белгіленсін:

1) меншікті үй-жайда автоматтандырылған банктік ақпараттық жүйеге орталықтандырылған қолжетімділікті қамтамасыз ететін жабдық орналастырылады;

2) меншікті үй-жай мынадай техникалық қауіпсіздік жүйелерімен жарақтандырылады: кіруді бақылау және басқару, күзет және өрт сигнализациясы, бейнебақылау.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.