Бесқарағай ауданыәкімінің 2018 жылғы 23 қарашадағы № 4 «Бесқарағай ауданы бойынша сайлау учаскелерін құру туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Абай облысы Бесқарағай ауданы әкімінің 2022 жылғы 29 желтоқсандағы № 5 шешімі
ШЕШТІМ:
1. Бесқарағай ауданы әкімінің 2018 жылғы 23 қарашадағы № 4 «Бесқарағай ауданы бойынша сайлау учаскелерін құру туралы» (нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-7-146 тіркелген) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
шешімге қосымша осы шешімге қосымша бойынша жаңа редакцияда жазылсын.
2.«Абай облысы Бесқарағай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуі;
2) осы шешімнің ресми жарияланғанынан кейін Бесқарағай ауданы әкімінің интернет-ресурсында орналасуы қамтамасыз етілсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Бесқарағай ауданы әкімінің аппарат басшысына жүктелсін.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
|
| Т. Муратов |
«КЕЛІСІЛГЕН»
Бесқарағай ауданының
аумақтық сайлау комиссиясы
Абай облысы Бесқарағай ауданы әкімінің
2022 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 5 шешіміне
қосымша
Бесқарағай аудан әкімінің
2018 жылғы 23 қарашадағы
№ 4 шешіміне
қосымша
Бесқарағай ауданы бойынша сайлау учаскелері
№ 254 сайлау учаскесі
Орналасқан жері: «Абай облысы Бесқарағай ауданының аудандық Мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынының ауылдық клубының ғимараты, Қарағайлы ауылы, М. Әуезов көшесі.
Шекаралар: Қарағайлы ауылы.
№ 255 сайлау учаскесі
Орналасқан жері: «Абай облысы білім басқармасының Бесқарағай ауданы білім бөлімінің «Башкөл орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты, Башкөл ауылы, Абай көшесі, 40.
Шекаралар: Башкөл ауылы.
№ 256 сайлау учаскесі