«2019 - 2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 7 желтоқсандағы № 808 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 12 желтоқсандағы № 919 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «2019 - 2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 7 желтоқсандағы № 808 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
8) тармақша алып тасталсын;
көрсетілген қаулыға 7-қосымша осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген қаулыға 8-қосымша алып тасталсын;
көрсетілген қаулыға 9, 10, 11, 39-қосымшалар осы қаулыға 2, 3, 4, 5-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.