«Кейбір мемлекеттік мекемелерді қайта ұйымдастыру туралы» Атырау облысы әкімдігінің 2021 жылғы 13 қыркүйектегі № 209 Қаулысы (2023.07.11. берілген өзгерістермен)

Кейбір мемлекеттік мекемелерді қайта ұйымдастыру туралы
Атырау облысы әкімдігінің 2021 жылғы 13 қыркүйектегі № 209 Қаулысы

(2023.07.11. берілген өзгерістермен)

 

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 45, 46-баптарына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27, 37-баптарына, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 130-бабына сәйкес Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Атырау облысы Ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Мекеме) оған «Атырау облысы Ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесін қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын.

2. Атырау облысы әкімдігінің 2023.31.10. № 212 Қаулысымен алып тасталды (2023 ж. 7 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес кәсіпорындардың атаулары өзгертілсін және мемлекеттік қайта тіркеуден өткізілсін.

4. Осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес өткізу актісі бекітілсін.

5. «Атырау облысы Қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесіне заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулының 2-қосымшасында атаулары өзгертілген мемлекеттік мекемелердің жарғыларын бекітуге және өзгерістер мен толықтырулар енгізуге өкілеттік берілсін.

6. Атырау облысы әкімдігінің 2023.31.10. № 212 Қаулысымен алып тасталды (2023 ж. 7 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

7. Атырау облысы әкімдігінің 2018 жылғы 6 сәуірдегі № 71 «Атырау облысы Ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру туралы» қаулысының 2, 3-тармақтарының 1), 2) тармақшаларының және Атырау облысы әкімдігінің 2020 жылғы 21 сәуірдегі № 60 «Атырау облысы әкімдігінің 2018 жылғы 6 сәуірдегі № 71 «Атырау облысы Ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулысының күші жойылсын.

8. «Атырау облысы Ауыл шаруашылығы басқармасы» және «Атырау облысы Ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемелері заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды алсын.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.