(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «КЕЙБІР МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕЛЕРДІ ҚАЙТА ҰЙЫМДАСТЫРУ ТУ...

Кейбір мемлекеттік мекемелерді қайта ұйымдастыру туралы
Атырау облысы әкімдігінің 2021 жылғы 13 қыркүйектегі № 209 Қаулысы

(2022.04.04. берілген өзгерістермен)

 

Осы редакция 2023 жылғы 31 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды 

 

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 45, 46-баптарына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27, 37-баптарына, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 130-бабына сәйкес Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Атырау облысы Ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Мекеме) оған «Атырау облысы Ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесін қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын.

2. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес Мекеме туралы Ереже бекітілсін.

3. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес кәсіпорындардың атаулары өзгертілсін және мемлекеттік қайта тіркеуден өткізілсін.

4. Осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес өткізу актісі бекітілсін.

5. «Атырау облысы Қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесіне заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулының 2-қосымшасында атаулары өзгертілген мемлекеттік мекемелердің жарғыларын бекітуге және өзгерістер мен толықтырулар енгізуге өкілеттік берілсін.

Атырау облысы әкімдігінің 2022.04.04. № 81 Қаулысымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

6. Мекеменің келесі құрылымы бекітілсін:

1) басшы;

2) басшының орынбасарлары;

3) мал шаруашылығы бөлімі;

4) егін шаруашылығы бөлімі;

5) агроөнеркәсіп кешеніндегі стратегия және инвестиция тарту бөлімі;

6) әкімшілік-қаржы бөлімі;

7) ветеринариялық қауіпсіздік бөлімі;

8) ветеринариялық мониторинг және есептілік бөлімі.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.