(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БЮДЖЕТ КОДЕКСІ» 2008 ЖЫЛҒ...

Предыдущая страница

3. Қазақстан Республикасының Үкіметі Республикалық бюджет комиссиясын құрады, ол туралы ережені бекітеді, оның құрамын айқындайды.

2013.04.07. № 130-V ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

4. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімдіктері тиісінше облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік комиссияларын құрады, олар туралы ережені бекітеді, олардың құрамын айқындайды.

2013.04.07. № 130-V ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды

5. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімдіктері облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік комиссияларының жұмысына жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын мәселелер бойынша, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдерін тартады.

2020.25.12. № 391-VI ҚР Заңымен 6-тармақпен толықтырылды

6. Республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бірінші басшылары ведомстволық бюджеттік комиссияларды құрады, олар туралы ережені бекітеді, олардың құрамын айқындайды.

 

2020.25.12. № 391-VI ҚР Заңымен 58-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

58-бап. Бюджеттік комиссиялардың құзыреті

1. Республикалық бюджеттік комиссияның, облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеттік комиссияларының құзыретіне мыналар кіреді:

1) әлеуметтік-экономикалық даму болжамы бойынша ұсыныстар әзірлеу;

2) мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының немесе аумақтарды дамыту бағдарламаларының басым мақсаттары мен бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының бағыттары бойынша ұсыныстар әзірлеу;

3) мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының жобалары немесе стратегиялық жоспарға өзгерістер мен толықтырулардың жобалары және бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттері бойынша ұсыныстар әзірлеу;

4) бюджеттер жобаларының көрсеткіштерін айқындау бойынша ұсыныстар әзірлеу;

5) республикалық және жергілікті бюджеттердің және (немесе) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының түсімдерін қысқартуды немесе шығыстарын ұлғайтуды көздейтін нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша ұсыныстар әзірлеу;

6) бюджеттерді нақтылау бойынша ұсыныстар әзірлеу;

7) бюджеттік мониторинг нәтижелерін, нәтижелерге жүргізілген бағалауды қарау және олар бойынша ұсыныстар әзірлеу;

8) бюджеттерді түзету бойынша ұсыныстар әзірлеу;

9) осы Кодексте, сондай-ақ бюджеттік комиссиялар туралы ережелерде көзделген өзге де өкілеттіктер.

2. Ведомстволық бюджеттік комиссиялардың құзыретіне мыналар кіреді:

1) мемлекеттік органның стратегиялық жоспарының жобасы немесе стратегиялық жоспарға өзгерістер мен толықтырулардың жобасы, бюджеттік бағдарламалардың жобалары бойынша ұсыныстар әзірлеу;

2) республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік өтінімі және оған есеп-қисаптар бойынша ұсыныстар әзірлеу;

3) бюджеттік мониторинг нәтижелерін, нәтижелерге жүргізілген бағалауды қарау және олар бойынша ұсыныстар әзірлеу;

4) осы Кодексте, сондай-ақ ведомстволық бюджеттік комиссиялар туралы ережелерде көзделген өзге де өкілеттіктер.

 

59-бап. Бюджеттік комиссиялардың құрамы мен жұмыс органдары

2017.11.07. № 90-VI ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Бюджет комиссияларының құрамына: бюджет комиссиясының төрағасы, төрағасының орынбасарлары, хатшысы, мүшелері кіреді, сондай-ақ ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет комиссияларының құрамына аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдері кіреді.

2011.24.11. № 495-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ жаңа редакцияда

2. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган бюджет комиссияларының жұмыс органдары болып табылады.

3. Бюджеттік комиссияның төрағасы оның қызметіне басшылық жасайды, бюджеттік комиссияның отырыстарын өткізеді, оның жұмысын жоспарлайды, оның ұсыныстарының іске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады және комиссия жүзеге асыратын қызметке жауапты болады. Бюджеттік комиссияның төрағасы болмаған кезде оның функцияларын бюджеттік комиссия төрағасының өзі тағайындаған орынбасары орындайды.

4. Бюджеттік комиссияның хатшысы бюджеттік комиссияның қызметін қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты үйлестіреді, бюджеттік комиссия отырыстарының хаттамаларын дайындайды.

5. Жұмыс органы бюджеттік комиссия айқындайтын мерзімдер мен күн тәртібіне сәйкес бюджеттік комиссияның отырыстарына материалдар дайындайды.

2015.12.11. № 395-V ҚР Заңымен 6-тармақпен толықтырылды

6. Бюджет комиссиясының қызметін ұйымдастыру тәртібін тиісті бюджет комиссиясының жұмыс органы әзірлейді және айқындайды.

 

 

Ерекше бөлім

 

3-бөлім. Бюджетті әзірлеу, қарау, бекіту

 

11-тарау. Бюджетті жоспарлау негіздері

 

245-бапқа сәйкес 60-бап алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілді

60-бап. Бюджетті жоспарлау негіздері туралы жалпы ережелер

2017.03.07. № 86-VI ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Мемлекеттік жоспарлау жүйесін Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының Президентімен келісу бойынша айқындайды.

2. Бюджет процесінде мынадай құжаттар пайдаланылады:

2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.02.07. № 225-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1) Қазақстан Республикасының немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтік-экономикалық даму болжамы;

2) республикалық бюджет туралы заң, жергілікті бюджет туралы мәслихат шешімі;

2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

2-1) республикалық бюджет бойынша болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілік;

3) мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлары;

2015.12.11. № 395-V ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды

3-1) бюджеттік бағдарламалар;

4) операциялық жоспарлар.

2011.24.11. № 495-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ жаңа редакцияда

3. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган мемлекеттік жоспарлау бойынша әдіснамалық басшылықты жүзеге асырады, мемлекеттік жоспарлау жүйесін жетілдіру және бюджет жүйесін дамыту жөнінде ұсыныстар әзірлейді, сондай-ақ бюджет саясатын қалыптастыруды жүзеге асырады.

Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган бюджеттік жоспарлау саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді, бюджеттік жоспарлау бойынша әдіснамалық басшылықты жүзеге асырады, сондай-ақ бюджеттік жоспарлау жүйесін жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлейді.

 

245-бапқа сәйкес 61-бап алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілді

2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 61-бап жаңа редакцияда (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

61-бап. Әлеуметтiк-экономикалық даму болжамы

2011.24.11. № 495-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.02.07. № 225-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда

1. Әлеуметтiк-экономикалық даму болжамы жоспарлы кезеңге арналған бюджеттік параметрлермен өзара байланыстырылған стратегиялық мақсаттарды ескере отырып, Қазақстан Республикасының, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың экономикалық даму параметрлерін және мемлекеттің бес жылдық кезеңге арналған экономикалық саясатын айқындайтын құжат болып табылады.

2011.24.11. № 495-ІV ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды; 2012.16.02. № 557-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.23.11. № 55-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-1-тармақ өзгертілді; 2014.02.07. № 225-V ҚР Заңымен 1-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2017.11.07. № 90-VI ҚР Заңымен 1-1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1-1. Әлеуметтік-экономикалық даму болжамы стратегиялық және бағдарламалық құжаттар мен елдегі жағдай және Республиканың ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауы ескеріле отырып, жылжымалы негiзде бес жылдық кезеңге арналып жыл сайын әзiрленедi және мыналарды:

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2020.25.12. № 391-VI ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

1) мемлекеттік басқарудың республикалық деңгейінде:

экономиканы дамытудың сыртқы және ішкі жағдайларын;

бес жылдық кезеңге арналған экономикалық саясаттың, оның ішінде салықтық-бюджеттік саясаттың мақсаттары мен міндеттерін;

бес жылдық кезеңге арналған экономикалық саясаттың, оның ішінде салықтық-бюджеттік саясаттың негізгі бағыттары мен шараларын;

бес жылдық кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің болжамын;

мемлекеттік қаржының тұрақтылығын бағалауды;

ішкі және сыртқы үкіметтік борыштың жоспарлы кезеңге арналған болжамын;

шоғырландырылған, мемлекеттік және республикалық бюджеттердің түсімдері мен шығыстарының, тиісті бюджеттің тапшылығы (профициті) мен мұнайға қатысты емес тапшылығының (профицитінің) болжамын қамтитын, жоспарлы кезеңге арналған бюджеттік параметрлердің болжамын;

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының түсімдері мен шығыстарының жоспарлы кезеңге арналған болжамын;

әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарын іске асыруға бағытталған шығыстардың жаңа бастамаларын;

2) облыс, республикалық маңызы бар қала, астана деңгейінде:

облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтiк-экономикалық даму үрдістерін, басымдықтарын, нысаналы индикаторлары мен көрсеткіштерін;

облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтiк-экономикалық даму көрсеткіштерінің болжамын;

мыналарды:

облыс, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің түсімдері мен шығыстарының болжамын қамтитын, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттік параметрлерінің болжамын;

облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарын іске асыруға бағытталған шығыстардың жаңа бастамаларын;

облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың басым бюджеттік инвестицияларының тізбесін қамтуға тиіс облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жоспарлы кезеңге арналған бюджеттік параметрлерін қамтиды.

Нысаналы индикаторлар мен көрсеткiштер сандық және сапалық нәтижелердi айқындау үшiн түйінді бағыттар (салалар) бойынша белгiленеді, бес жылдық кезең iшiнде мемлекеттің әлеуметтiк-экономикалық саясаты осы нәтижелерге қол жеткiзуге бағытталуға тиiс.

Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың), аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері мен бюджеттік өлшемдері аудандарға (облыстық маңызы бар қалаларға) және аудандық маңызы бар қалаларға, ауылдарға, кенттерге, ауылдық округтерге бөліне отырып, облыстың әлеуметтік-экономикалық даму болжамының құрамында көрсетіледі.

2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органы әлеуметтік-экономикалық дамудың және бюджеттік параметрлердің қосымша болжамды көрсеткіштерін енгізуі мүмкін.

2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды

2-1. Әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің болжамы экономиканың ішкі және сыртқы даму жағдайларының өзгерістері ескеріле отырып нақтылануы мүмкін.

3. Жоспарлы кезеңнiң екiншi және үшiншi жылдарына арналған бюджеттік параметрлердiң болжамы индикативтiк сипатта болады және әлеуметтiк-экономикалық даму болжамының өзгерiстерi, бюджеттік мониторинг және нәтижелердi бағалау, басқа да iшкi және сыртқы факторлар ескерiле отырып, кезектi жоспарлы кезеңге бюджеттік параметрлердiң болжамын әзiрлеу кезiнде нақтылануы мүмкiн.

2011.24.11. № 495-ІV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2014.02.07. № 225-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

4. Әлеуметтiк-экономикалық даму болжамын тиісінше мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органы әзірлейді және Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы мақұлдайды және ол бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануға жатады.

5 - 7-1. 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2011.24.11. № 495-ІV ҚР Заңымен 8-тармақпен толықтырылды; 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 8-тармақ жаңа редакцияда

8. Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеудің тәртібі мен мерзімдерін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.

 

2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен 61-1-баппен толықтырылды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

61-1-бап. Болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілік

1. Болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілік:

1) қаржылық жағдай туралы болжамды шоғырландырылған есепті;

2) қаржылық қызметтің нәтижелері туралы болжамды шоғырландырылған есепті;

3) ақша қозғалысы туралы болжамды шоғырландырылған есепті;

4) таза активтердің/капиталдың өзгерістері туралы болжамды шоғырландырылған есепті;

5) түсіндірме жазбаны қамтиды.

2. Республикалық бюджет бойынша болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілікті қалыптастыру үшін бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға ағымдағы жылдың 20 сәуіріне дейінгі мерзімде болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілікті ұсынады.

2-тармақтың екінші бөлігі 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі

Облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеті бойынша болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілікті қалыптастыру үшін бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға ағымдағы жылдың 20 сәуіріне дейінгі мерзімде болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілікті ұсынады.

Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілікте қамтылған ақпарат пен есеп-қисаптардың толықтығы мен анықтығын қамтамасыз етеді.

3. Республикалық бюджет немесе облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеті бойынша болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілік мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындаған тәртіппен жасалады.

Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілігін жасау тәртібін бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.

4. Республикалық бюджет немесе облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеті бойынша болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілікті қалыптастыру кезінде бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган үш жылдық кезеңге арналған бюджеттік параметрлердің бағалануы мен болжамының сәйкестігін қамтамасыз етеді.

Үш жылдық кезеңге арналған бюджеттік параметрлерде мынадай көрсеткіштер:

операциялық қызметтің нәтижесі;

операциялық қызметтің нәтижесі (мұнайға қатысты емес);

таза кредиттеу (қарыз алу);

бюджеттің жалпы сальдосы;

бюджеттің жалпы сальдосы (мұнайға қатысты емес);

ақшаның профициті (тапшылығы);

ақшаның жалпы профицнті (тапшылығы);

ақшаның жалпы профициті (тапшылығы) (мұнайға қатысты емес);

борыш;

таза борыш ескеріле отырып, тиісті бюджеттің кірістері мен шығыстарының, қаржылық нәтижесінің болжамы қамтылады.

5. Республикалық бюджет бойынша болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілік республикалық бюджет туралы заң жобасының құрамында ұсынылады.

5-тармақтың екінші бөлігі 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі

Облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеті бойынша болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілік облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеті туралы мәслихат шешімі жобасының құрамында ұсынылады.

 

245-бапқа сәйкес 62-бап алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілді

2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.12.11. № 395-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 62-бап жаңа редакцияда

62-бап. Мемлекеттiк органның стратегиялық жоспары және меморандумы

1. Мемлекеттік органның стратегиялық жоспары Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық құжаттарының, Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму болжамының негізінде әр үш жыл сайын бесжылдық кезеңге әзірленеді.

2. Мемлекеттiк органның стратегиялық жоспары мемлекеттiк орган қызметiнiң стратегиялық бағыттарын, мақсаттарын, нысаналы индикаторларын айқындайды.

2017.27.02. № 49-VI ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2017.03.07. № 86-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ жаңа редакцияда; 2018.05.07. № 179-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2019.27.12. № 291-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 10 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді

3. Мемлекеттік органның стратегиялық жоспарын мемлекеттік органның басшысы мемлекеттік және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органдармен келісу бойынша бекітеді.

Мемлекеттік органның стратегиялық жоспарында білім, ғылым және (немесе) денсаулық сақтау салаларымен байланысты мақсаттар болған кезде мемлекеттік органның стратегиялық жоспары білім, ғылым және (немесе) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органдармен келісіледі.

Қазақстан Республикасының Президенті әзірлеу тәртібі «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес айқындалатын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің стратегиялық жоспарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын бекітуге құқылы.

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Аппараты, Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі, Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы, Қазақстан Республикасының Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталығы, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті, Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы, Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссиялары, мәслихаттардың аппараттары және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар стратегиялық жоспарлар әзірлемейді.

4. Орталық мемлекеттiк органдардың стратегиялық жоспарлары немесе стратегиялық жоспарларға өзгерiстер мен толықтырулар республикалық бюджет бекiтiлгеннен кейiн пысықталады, Қазақстан Республикасының Президентi республикалық бюджет туралы заңға қол қойған күннен бастап бiр ай мерзiмде бекiтiледi және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттiк құпиялардың қорғалуы қамтамасыз етіле отырып, күнтiзбелiк он күн iшiнде бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануға жатады.

5. Мемлекеттік органның стратегиялық жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізуге:

1) Қазақстан Республикасының жаңа заңдары қабылданған не оларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген;

2) жаңа стратегиялық және бағдарламалық құжаттар қабылданған не оларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген;

3) мемлекеттік органның функциялары, құрылымы өзгерген;

4) нысаналы индикаторларға қол жеткізуге ықпал ететін республикалық бюджеттің параметрлері өзгерген жағдайларда жол беріледі.

Стратегиялық жоспарларды әзірлеу және бекіту кезіндегі осы Кодекстің белгіленген талаптары мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген кезде сақталады.

Бюджетті, стратегиялық жоспарларды әзірлеу және бекіту кезіндегі осы Кодекстің белгіленген талаптары мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларына бюджетті нақтылаумен байланысты өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайда сақталады.

Мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларына қаржыландыру көлемінің өзгеруіне байланысты өзгерістер мен толықтырулар жобаларын тиісті бюджет комиссиясы қарайды.

2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 6-тармақ өзгертілді

6. Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының Президентiне есеп беретін немесе Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін мемлекеттік органдар, сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары жыл сайын, ағымдағы қаржы жылының 1 қарашасына дейін кезекті қаржы жылына арналған меморандумдар жобаларын әзірлейді.

Меморандум Қазақстан Республикасының 10 жылға арналған Стратегиялық даму жоспарын, Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың болжамды схемасын іске асыру үшін әзірленеді және қол жеткізуді (орындауды) мемлекеттік органның бірінші басшысы, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімі жоспарлы кезеңде қамтамасыз етуге міндеттенетін түйінді нысаналы индикаторларды қамтиды.

Түйінді нысаналы индикаторлар азаматтардың қанағаттанушылық деңгейін арттыруға бағдарланатын және әлеуметтік-экономикалық дамудағы оң өзгерістерді көрсететін негізгі индикаторларды білдіреді.

Мемлекеттік органның меморандумына - бірінші басшы, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының меморандумына облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімі қол қояды.

Меморандум республикалық бюджет туралы заңға қол қойылған күннен бастап бір ай мерзімде бекітіледі.

Қазақстан Республикасының Президентiне есеп беретін мемлекеттік органдардың меморандумдарын Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы бекітеді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін мемлекеттік органдардың және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының меморандумдарын Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі бекітеді.

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы Қазақстан Республикасының Президентiне есеп беретін мемлекеттік органның меморандумын әзірлеу және бағалау тәртібін «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес айқындалған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің меморандумын әзірлеу тәртібінің ерекшеліктерін ескере отырып айқындайды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін мемлекеттік органның, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының меморандумын әзірлеу және оны бағалау тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

 

245-бапқа сәйкес 63-бап алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілді

2013.03.12. № 150-V ҚР Заңымен 63-бап өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.12.11. № 395-V ҚР Заңымен 63-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2020.30.12. № 393-VI ҚР Заңымен 63-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

63-бап. Операциялық жоспар

Стратегиялық жоспарды іске асыру үшін мемлекеттік орган операциялық жоспар әзірлейді.

Операциялық жоспар ресурстар, стратегиялық жоспардың мақсаттарына және нысаналы индикаторларына қол жеткізу жөніндегі іс-шаралардың жауапты орындаушылары және жүзеге асыру мерзімдері бойынша байланыстырылған, мемлекеттік органның ағымдағы қаржы жылындағы нақты іс-қимылдарын, сондай-ақ мемлекеттік орган туралы ережеде белгіленген өзге де міндеттерді қамтитын құжат болып табылады.

Операциялық жоспар жыл сайын әзірленеді және оны бірінші басшы не аппарат басшысы мемлекеттік органның стратегиялық жоспарына қол қойылған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде бекітеді.