Бес және одан да көп адам қаза тапқан қауіпті өндірістік объектідегі еңбек қызметіне және аварияға байланысты емес жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру жөнінде үкіметтік комиссия құру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 1 қазандағы № 813 Қаулысы
Осы редакция 2025 ж. 20 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 11-бабының 71) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Бес және одан да көп адам қаза тапқан қауіпті өндірістік объектідегі еңбек қызметіне және аварияға байланысты емес жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру жөнінде үкіметтік комиссия құру қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.