(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗЫ БАР ҚАТЫ...

Түркістан облысы бойынша әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесін айқындау туралы
Түркістан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 9 желтоқсандағы № 44/477-VI шешімі

(2021.09.09. берілген өзгерістермен)

 

Осы редакция 2022 жылғы 14 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 14-бабының 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Түркістан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:

1. Түркістан облысы бойынша әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесі осы шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын.

2. Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 21 маусымдағы № 25/289-VI «Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесін айқындау туралы» шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4669 болып тіркелген, 2018 жылғы 16 шілдедегі «Ontustik Qazaqstan» газетінде және 2018 жылғы 16 шілдеде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

3. «Түркістан облыстық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1) осы шешімді «Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті» Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін Түркістан облыстық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

 

Түркістан облыстық мәслихатының 2020.11.12. № 54/565-VI шешімімен тізбе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); Түркістан облыстық мәслихатының 2021.09.09. № 9/87-VIІ шешімімен тізбе өзгертілді (бұр.ред.қара)

Түркістан облыстық мәслихатының

2019 жылғы 9 желтоқсандағы

№ 44/477-VI шешіміне қосымша

 

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.