Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің 2023-2027 жылдарға арналған даму жоспарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының 2023 жылғы 29 наурыздағы № 74/НҚ бұйрығы
Осы редакция 2023 жылғы 29 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 62-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің 2023-2027 жылдарға арналған даму жоспары (бұдан әрі - Даму жоспары) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) құрылымдық бөлімшелерінің басшылары жыл сайын 20 қаңтардан кешіктірмей Бәсекелестікті стратегиялық дамыту департаментіне Даму жоспарының іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін.
3. Бәсекелестікті стратегиялық дамыту департаменті жыл сайын 20 ақпаннан кешіктірмей Агенттіктің интернет-ресурсында Даму жоспарының іске асырылуы туралы есепті орналастырсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Агенттік төрағасының бірінші орынбасары Р.Н. Ахметовке жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
| Төраға | М. Омаров |
| «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі ____________Ә. Қуантыров | «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі ____________ Е. Біржанов |
Бәсекелестікті қорғау және дамыту
агенттігі төрағасының
2023 жылғы 29 наурыздағы
№ 74/НҚ бұйрығына
ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің
2023 - 2027 жылдарға арналған даму жоспары
1-бөлім. Миссиясы және пайымы
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) миссиясы бәсекелестікті қорғау және дамыту, монополистік қызметті шектеу және жосықсыз бәсекелестікке жол бермеу арқылы нарық субъектілеріне тең жағдайлар жасау болып табылады.
Агенттіктің пайымы: