(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ ЖҰМЫСТАРДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ҚАҒИДАЛАРЫ МЕ...

Археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру қағидалары мен шарттарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 17 сәуірдегі № 95 бұйрығы

 

Осы редакция 2022 жылғы 30 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» 2019 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 19) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру қағидалары мен шарттары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет және өнер істері департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;

2) осы бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы тармақпен көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Мәдениет және спорт министрі

2020 жылғы 17 сәуірдегі

№ 95 бұйрықпен

бекітілген

 

 

Археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру

қағидалары мен шарттары

 

Тарау 1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру қағидалары мен шарттары (бұдан әрі - Қағидалары) «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» 2019 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 10-бабының 19) тармақшасына сәйкес әзірленді және археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру тәртібін және шарттарын айқындайды.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.