Дезинфекция, дезинсекция, дератизация жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 27 қарашадағы № 7-1/619 бұйрығы
(2015.16.09. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2019 жылғы 29 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 46-18) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Дезинфекция, дезинсекция, дератизация жүргізу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринария және тамақ қауіпсіздігі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2014 жылғы 27 қарашадағы
№ 7-1/619 бұйрығымен бекітілген
Дезинфекция, дезинсекция, дератизация жүргізу
қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Дезинфекция, дезинсекция, дератизация жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 46-18) тармақшасына сәйкес әзірленді және жануарларды өсіруді жүзеге асыратын объектілерде, сондай-ақ жануарларды өсіруді, өткізуді, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттарды дайындауды (жануарларды союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп және жемшөптік қоспаларды өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарда (бұдан әрі - өндіріс объектілері) дезинфекция, дезинсекция және дератизация жүргізу тәртібін анықтайды.
2. Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) дезинсекция - жәндіктер мен басқа да буынаяқтыларды жою жөніндегі іс-шаралар кешені;
Для того, чтобы получить доступ к документу,
Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.