«Салық төлеушіге (салық агентіне) салықтық тексерудің алдын ала актісін табыс ету, салықтық тексерудің алдын ала актісіне жазбаша қарсылық ұсыну, сондай-ақ осындай қарсылықты қарау қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 24 қазандағы № 627 бұйрығы

Салық төлеушіге (салық агентіне) салықтық тексерудің алдын ала актісін табыс ету, салықтық тексерудің алдын ала актісіне жазбаша қарсылық ұсыну, сондай-ақ осындай қарсылықты қарау қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 24 қазандағы № 627 бұйрығы

 

Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 169-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Салық төлеушіге (салық агентіне) салықтық тексерудің алдын ала актісін табыс ету, салықтық тексерудің алдын ала актісіне жазбаша қарсылық ұсыну, сондай-ақ осындай қарсылықты қарау қағидалары мен мерзімдері бекітілсін.

2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшасында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

 

 

Қазақстан Республикасының

Қаржы министрі

2025 жылғы 24 қазандағы

№ 627 бұйрығына 1-қосымша

 

 

Салық төлеушіге (салық агентіне) салықтық тексерудің алдын ала актісін табыс ету, салықтық тексерудің алдын ала актісіне жазбаша қарсылық ұсыну, сондай-ақ осындай қарсылықты қарау

қағидалары мен мерзімдері

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.