Білім және ғылым саласындағы мамандардың сәйкестігін растау және біліктілікті беру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 10 шілдедегі № 264 бұйрығы
Осы редакция 2015 жылғы 22 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 138-6-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Білім және ғылым саласындағы мамандардың сәйкестігін растау және біліктілікті беру қағидалары бекітілсін.
2. Техникалық және кәсіптік білім департаменті (Қ.Қ. Бөрібеков):
1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін оны бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Білім және ғылым вице-министрі М.К. Орынхановқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2013 жылғы 10 шілдедегі
№ 264 бұйрығымен
бекітілген
Білім және ғылым саласындағы мамандардың
сәйкестігін растау және біліктілікті беру
қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Білім және ғылым саласындағы мамандардың сәйкестігін растау және біліктілікті беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 138-6-бабына сәйкес әзірленген және білім және ғылым саласындағы мамандардың сәйкестігін растау және біліктілікті беру тәртібін айқындайды.
2. Қағидалар:
1) педагогикалық мамандықтар бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын, басқа да кадрларды даярлауды, қайта даярлауды, біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын кәсіптік оқыту орталықтарын бітірген тұлғаларға;
2) біліктілігін (біліктілік разряды/санаты) арттырғысы келетін білім және ғылым саласындағы ұйымдардың қызметкерлеріне;
Для того, чтобы получить доступ к документу,
Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.