«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбiр бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2022 жылғы 13 желтоқсандағы № 415 бұйрығы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбiр бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2022 жылғы 13 желтоқсандағы № 415 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрлігі

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Индустрия және инфрақұрылымдық

даму министірлігі

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрлігі

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Ішкі істер министрлігі

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Экология, геология және

табиғи ресурстар

министрлігі

 

Қазақстан Республикасының

Ауыл шаруашылығы министрі

2022 жылғы 13 желтоқсандағы

№ 415 бұйрығымен

бекітілген

 

 

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің

өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының

тізбесі

 

1. «Жануарларды өсіруді, өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 29 мамырдағы № 7-1/498 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11837 болып тіркелген):

кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

«Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 46-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.