Тиісті координаттары мен жеке кодтары бар блоктарды сәйкестендіру картасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 30 мамырдағы № 403 бұйрығы
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 64-бабының 12) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған тиісті координаттары мен жеке кодтары бар блоктарды сәйкестендіру картасы бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2018 жылғы 29 маусымнан бастап күшіне енеді.
Инвестициялар және даму
министрінің
2018 жылғы 30 мамырдағы
№ 403 бұйрығымен
бекітілген
Тиісті координаттары мен жеке кодтары бар блоктарды сәйкестендіру
картасы
Тиісті координаттары бар блоктардың жеке кодтары осы Картаға қосымшада көрсетілген.
Ескертпе:
1. Халықаралық жолақтау ең ұсақ 1:1 000 000 масштабты картадан басталады. Жолақтау негізіне қатарлар мен бағаналар бөлініп қойылады.
Қатарлар экватордан бастап, әрбір 4° сайын жүргізілген параллельдермен шектелген және латын әліпбиінің үлкен әрпімен белгіленген. Солтүстік жарты шардың бірінші қатары экватормен және 4° солтүстік ендік параллелімен шектелген және А әрпімен белгіленген. Солтүстік жарты шардың бесінші қатары 16° және 20° солтүстік ендік параллельдерімен шектелген және Е әрпімен белгіленген. Қазақстан Республикасының аумағы K, L, M, N әріптерімен белгіленген парақтарда орналасқан.