(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҒЫЛЫМИ ТАҒЫЛЫМДАМАДАН ӨТУДІ ІСКЕ АСЫРУ ЖӨНІНДЕГІ КЕ...

Ғылыми тағылымдамадан өтуді іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 26 желтоқсандағы № 214 бұйрығы

(2023.26.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

Осы редакция 2023 жылғы 31 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды 

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 5 қазандағы № 791 қаулысымен бекітілген Үміткерлерді іріктеу және ғылыми тағылымдамадан өту қағидаларын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 2023.26.04. № 181 бұйрығымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Мыналар:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес 2023 жылға арналған шетелдік жетекші жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының, ғылыми орталықтардың және (немесе) ғылыми тағылымдамадан өту үшін ұсынылатын ұйымдардың тізімі;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес ғылыми тағылымдамадан өтуге үміткерлердің сараптама комиссиясының мүшелерімен жеке әңгімелесуі үшін бағалау парағының үлгілік нысаны;

3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес сараптау комиссиясының жұмысын ұйымдастыру қағидалары бекітілсін;

4) осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес сараптама комиссиясының құрамы бекітілсін.

2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім жетекшілік ететін вице-министріне жүктелсін.

3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Министр

С. Нұрбек

 

 

Қазақстан Республикасы

Ғылым және жоғары білім министрінің

2022 жылғы 26 желтоқсандағы

№ 214 бұйрығына

1-қосымша

 

 

2023 жылға арналған шетелдік жетекші жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының, ғылыми орталықтардың және (немесе) ғылыми тағылымдамадан өту үшін ұсынылатын ұйымдардың

тізімі

 

Шетелдік ұйымның атауы

Ел

1.

Аустралия ұлттық университеті (Australian National University)

Аустралия Одағы (Аустралия)

2.

Кертин университеті

(Curtin University of Technology)

Аустралия Одағы (Аустралия)

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.