«Мемлекеттік мүлікті, оның ішінде мемлекеттік кәсіпорындардың және мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың басқару тиімділігінің мониторингін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 4 желтоқсандағы № 1546 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 10 мамырдағы № 251 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Мемлекеттік мүлікті, оның ішінде мемлекеттік кәсіпорындардың және мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың басқару тиімділігінің мониторингін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 4 желтоқсандағы № 1546 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 2, 34-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік мүлікті, оның ішінде мемлекеттік кәсіпорындардың және мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың басқару тиімділігінің мониторингін жүзеге асыру қағидаларында:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Мониторинг мемлекеттік кәсіпорындардың және мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың жай-күйін және дамуының үрдістерін, сондай-ақ ел және өңірлер экономикасының ресурстық-энергетикалық негізін сақтауға және нығайтуға әсер ететін мемлекеттік мүліктің, оның ішінде сенімгерлік басқарудағы, мүліктік жалдаудағы (жалгерліктегі), концессиядағы мемлекеттік мүліктің жай-күйін анықтайды. Мемлекеттік кәсіпорындардың және мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың, мемлекеттік мүліктің, оның ішінде сенімгерлік басқарудағы, мүліктік жалдаудағы (жалгерліктегі), концессиядағы мемлекеттік мүліктің жай-күйі мен дамуының үрдістері туралы мониторинг нәтижесінде алынған талдамалық ақпаратты Қазақстан Республикасының Үкіметіне, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға:
республикалық мүлік бойынша - мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган;