«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының Қоғамдық кеңесі туралы ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 22 қарашадағы № 828 Қаулысы
(2022.20.07. берілген өзгерістермен)
«Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» 2012 жылғы 1 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 15-3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының Қоғамдық кеңесі туралы ереже бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2021 жылғы 22 қарашадағы
№ 828 қаулысымен
бекітілген
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының Қоғамдық кеңесі туралы
ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының Қоғамдық кеңесі туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 1-тармағының 15-3) тармақшасына, сондай-ақ «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 5-1-бабының 3-тармағына және 8-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді.