«Мемлекеттік білім беру ұйымдары педагогтерінің оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді таңдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 9 желтоқсандағы № 491 бұйрығы (2025.19.05. берілген өзгерістермен)

Мемлекеттік білім беру ұйымдары педагогтерінің оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді таңдау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 9 желтоқсандағы № 491 бұйрығы

(2025.19.05. берілген өзгерістермен)

 

ҚР Оқу-ағарту министрінің 2023.03.07. № 194 бұйрығымен (2023 ж. 14 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.30.04. № 98 бұйрығымен (2025 ж. 19 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) кіріспе жаңа редакцияда

«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 67) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік білім беру ұйымдары педагогтерінің оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді таңдау қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық 2023 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Қазақстан Республикасының

Оқу-ағарту министрі

2022 жылғы 9 желтоқсандағы

№ 491 бұйрығымен

бекітілген

 

 

Мемлекеттік білім беру ұйымдары педагогтерінің оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді таңдау

 қағидалары

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.