«Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы» Алматы облысы әкімдігінің 2025 жылғы 8 мамырдағы № 127 Қаулысы

«Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы
Алматы облысы әкімдігінің 2025 жылғы 8 мамырдағы № 127 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (Жалпы бөлім) 41- бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27, 37 - баптарына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17 - бабына және «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес, Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1.«Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже (бұдан әрі - Ереже) осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

2. «Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін Эталондық бақылау банкінде жариялау үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Б. Куренбековке жүктелсін.

4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

 

 

Облыс әкімі

М. Сұлтанғазиев

 

Алматы облысы әкімдігінің

2025 жылғы 8 мамырдағы

№ 127 қаулысының қосымшасы

 

 

«Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы

ЕРЕЖЕ

 

 

1 - тарау. Жалпы ережелер

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.