«Сәйкестікті растау жөніндегі органның сынақ зертханасы қамтамасыз етуге жататын аккредиттеу саласындағы объектілердің сынақтар көлемін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің 2008 жылғы 29 қазандағы № 427 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2019 жылғы 23 желтоқсандағы № 144 бұйрығы
ҚР Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 24 мамырдағы № 356-НҚ бұйрығымен 2021 ж. 1 шілдеден бастап күші жойылды
«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Сәйкестікті растау үшін органның сынақ зертханасы ұсынатын аккредиттеу аймағының объектілерін сынау көлемін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің 2008 жылғы 29 қазандағы № 427 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5353 болып тіркелген, 2008 жылғы 26 қарашада № 180 (1580) «Заң газеті» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
««Техникалық реттеу туралы» 2004 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 8-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Сәйкестікті растау жөніндегі органның сынақ зертханасын қамтамасыз етуге жататын аккредиттеу саласындағы объектілерді сынау көлемі:
1) 008/2011 «Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының техникалық регламенті, 017/2011 «Жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының техникалық регламенті, 025/2012 «Жиһаз өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының техникалық регламенті, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1398 қаулысымен бекітілген «Лак-бояу материалдары мен еріткіштердің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті үшін жүз пайыз;