Жекелеген салалардағы пайдаланылатын зертханалық жабдықтың көлемін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 24 мамырдағы № 356-НҚ бұйрығы
(2025.23.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Сауда және интеграция министрінің 2025.17.10. № 298-ОД бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (2025 ж. 23 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Сауда және интеграция министрінің 2025.17.10. № 298-ОД бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 23 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жекелеген салаларда пайдаланылатын зертханалық жабдықтың көлемі белгіленсін.
Осы тармақшаның бірінші бөлігі сынақ зертханалары (орталықтары) және (немесе) техникалық реттеу объектілеріне техникалық регламенттер талаптарына сәйкестігі тұрғысынан сынақтар жүргізуді қамтамасыз ететін сәйкестікті растау органдарының сынақ зертханалары (орталықтары) үшін қолданылады;
2) осы тармақшаның 1) тармақшасында көзделмеген, заңды негізде сәйкестікті растау органының сынақ зертханасына (орталығына) тиесілі, техникалық регламенттердің көрсеткіштері бойынша аккредитация саласында мәлімделген өнімнің сипаттамаларына (көрсеткіштеріне) зерттеулер (сынақтар) жүргізуді қамтамасыз ететін, пайдаланылатын зертханалық жабдықтың көлемі 100 (жүз) пайыз мөлшерінде белгіленсін.
Осы тармақшаның бірінші бөлігінде көзделген, техникалық регламенттердің талаптарына сәйкестігі тұрғысынан өнімнің сипаттамаларына (көрсеткіштеріне) зерттеулер (сынақтар) жүргізуді қамтамасыз ететін, пайдаланылатын зертханалық жабдықтың көлемін есептеу кезінде әрбір техникалық регламент бойынша бөлек саналады.
ҚР Сауда және интеграция министрінің 2025.17.10. № 298-ОД бұйрығымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 23 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)