Әскери полиция органдарына қызметке алғашқы рет қабылданатын адамдардың сынақ мерзімінен және тағылымдамадан өту тәртібі Ережелерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрінің 2005 жылғы 24 наурыздағы № 120 бұйрығы
(2011.18.02. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2018 жылғы 2 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының «Әскери полиция органдары туралы» Заңын жүзеге асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Әскери полиция органдарына қызметке алғашқы рет қабылданатын адамдардың сынақ мерзімінен және тағылымдамадан өту тәртібі мен шарттары туралы ережелері бекітілсін.
2. Бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери полициясы бас басқармасының бастығына жүктелсін.
3. Бұйрық ресми түрде жарияланған күннен қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2005 жылғы 24 наурыздағы
№ 120 бұйрығымен
бекітілген
Әскери полиция органдарына қызметке алғашқы рет қабылданатын адамдардың сынақ
мерзімінен және тағылымдамадан өту тәртібінің
ережелері
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ережелер Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери полициясы органдарына (бұдан әрі - әскери полиция органдары) қызметке алғашқы рет қабылданатын адамдардың сынақ мерзімінен және тағылымдамадан өту тәртібін белгілейді.
2. Әскери полиция органдарына алғашқы рет әскери қызметке қабылданатын адамдармен (бұдан әрі - кандидаттар) әскери полицияның құрылымдық бөлімшелерінің бастықтары әңгіме өткізеді.
Оларға әскери полиция органдарына әскери қызметке қабылданатын адамдарға қандай талаптар қойылатыны, қандай құжаттар өткізілуі керектігі, қандай шектеуліктер қойылатындығы, сынақ мерзімі және тағылымдамадан өту тәртібі үш айға созылатындығы, оның екі айы әскери полиция мамандарын даярлау орталығында (бұдан әрі - орталық) үйретуге және бір ай қызмет өткізетін жерінде болатындығы түсіндіріледі.
Для того, чтобы получить доступ к документу,
Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.