«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 13 ақпандағы № 112 «Өрт қауіпсіздігі саласындағы аудит жөніндегі қызметті жүзеге асыруға сараптама ұйымдарын аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 16 наурыздағы № 221 бұйрығы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 13 ақпандағы № 112 «Өрт қауіпсіздігі саласындағы аудит жөніндегі қызметті жүзеге асыруға сараптама ұйымдарын аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 16 наурыздағы № 221 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Өрт қауіпсіздігі саласындағы аудит жөніндегі қызметті жүзеге асыруға сараптама ұйымдарын аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 13 ақпандағы № 112 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде №10488 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 2 сәуірде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

бұйрықтың преамбуласы мынадай редакцияда жазылсын:

«Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 70-30) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

Өрт қауіпсіздігі саласындағы аудит жөніндегі қызметті жүзеге асыруға сараптама ұйымдарын аккредиттеу қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Цифрлық даму және аэроғарыш

өнеркәсібі министрлігі

2020 жылғы 16 наурыздағы

№ 221 бұйрыққа

қосымша

 

Қазақстан Республикасы

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.