Техникалық регламенттер талаптарына сәйкестігіне сынақтар жүргізу үшін өнімдер тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 29 мамырдағы № 374-НҚ бұйрығы
«Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Техникалық регламенттер талаптарына сәйкестігіне сынақтар жүргізу үшін өнімдер тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2021 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.