«Су объектілерін халықты ауызсумен қамтамасыз ету көздеріне жатқызу қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2025 жылғы 30 шілдедегі № 73 бұйрығы

Су объектілерін халықты ауызсумен қамтамасыз ету көздеріне жатқызу қағидаларын бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2025 жылғы 30 шілдедегі № 73 бұйрығы

 

Қазақстан Республикасы Су кодексінің 25-бабының 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Су объектілерін халықты ауызсумен қамтамасыз ету көздеріне жатқызу қағидалары бекітілсін.

2. «Су объектiсiн ауыз сумен жабдықтау көздерiне жатқызу қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 қарашадағы № 739 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12686 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Денсаулық сақтау министрінің

міндетін атқарушы

 

 

Т. Мұратов

 

Қазақстан Республикасының

Денсаулық сақтау

министрінің міндетін атқарушы

2025 жылғы 30 шілдедегі

№ 73 бұйрығымен бекітілген

 

 

Су объектілерін халықты ауызсумен қамтамасыз ету көздеріне жатқызу
қағидалары


1-тарау. Жалпы ережелер

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.