«Асыл тұқымды жануарларға өз өнімділігі бойынша бағалау (сынақтар) жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 25 қаңтардағы № 27 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2024 жылғы 19 тамыздағы № 277 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Асыл тұқымды жануарларға өз өнімділігі бойынша бағалау (сынақтар) жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 25 қаңтардағы № 27 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31824 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Асыл тұқымды жануарларға өз өнімділігі бойынша бағалау (сынақтар) жүргізу қағидаларында:
1-тармақтың үшінші және төртінші абзацтары 2024 ж. 11 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді
2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) тұқым стандарты - республикалық палаталар бекітетін тиiстi тұқымдағы асыл тұқымды жануарлардың фенотиптік, өнiмдiлiк және (немесе) өзге де көрсеткіштеріне қойылатын ең төмен талаптар.»;
3, 4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Асыл тұқымды жануарларға өз өнімділігі бойынша бағалау (сынақтар) жүргізу үшін асыл тұқымды жануарлар тиісті республикалық палата берген асыл тұқымдық мәртебесі немесе «Экспорттаушы елдердің құзыретті органдары импортталған асыл тұқымдық өнімге (материалға) берген асыл тұқымдық куәлікті немесе оған балама құжатты тану тәртібі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 3-2/1078 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12857 болып тіркелген) сәйкес танылған экспорттаушы елдердің құзыретті органдары берген асыл тұқымдық куәлігі немесе оған балама құжаты болған жағдайда топқа әлеуетті асыл тұқымды тұқымдық жануар ретінде іріктеліп алынады.